Қазақ радиосындағы радиоойында Қолғанат Оңғарбаева Джеки Чанмен кездесуге билет ұтып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ радиосындағы радиоойында Қолғанат Оңғарбаева Джеки Чанмен кездесуге билет ұтып алды

06.06.2017
Қазақ радиосындағы радиоойында Қолғанат Оңғарбаева Джеки Чанмен кездесуге билет ұтып алды

Қазақ және «Шалқар» радиолары 7 маусымда «Қазмедиа орталығында» өтетін әлемге әйгілі киножұлдыз Джеки Чанмен кездесуге ұтыс билеттерін ойнатып жатыр. Ол үшін екі радионың таңғы бағдарламаларын тыңдап, қойылған сауалдарға дұрыс жауап беру қажет.

Айта кетейік, бүгін сағат 07:00-10:00 аралығында Қазақ радиосының (106,8 FM) «Қайырлы таң, Қазақ елі!» бағдарламасында Жамбыл облысы, Жамбыл ауданынан Қолғанат Оңғарбаева Джеки Чанмен кездесуге билет ұтып алды.

Келесі билет сіздікі болуы мүмкін, асығыңыз!

Хабарламаларға жазылу