Қазақ және «Шалқар» радиоларын тыңдап, Джеки Чанмен кездесуге билет ұтып алыңыз! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ және «Шалқар» радиоларын тыңдап, Джеки Чанмен кездесуге билет ұтып алыңыз!

05.06.2017
Қазақ және «Шалқар» радиоларын тыңдап, Джеки Чанмен кездесуге билет ұтып алыңыз!

Белгілі актер Джеки Чанмен кездесуге ұтыс билеттерін жеңіп алғыңыз келсе, Қазақ және «Шалқар» радиоларының таңғы бағдарламаларын тыңдаңыз!

Ертең сағат 07:00-10:00 аралығында Қазақ радиосының (106,8 FM) «Қайырлы таң, Қазақ елі!» бағдарламасында және «Шалқар» радиосының «Таңжарық» бағдарламасында билеттер ойнатылады. Қойылған сауалдарға  дұрыс жауап берсеңіз, билет сіздің еншіңізде.

Әзірге бағы жанғандардың бірі – «Шалқар» радиосының Тілеуxан есімді тыңдарманы. Семей қаласынан хабарласқан ол  «Таңжарық» бағдарламасының «Ханталапай» радиоойына қатысып,  ұтыс билетіне қол жеткізді. 

Айта кетейік, 7-маусымда сағат 15:00-де «Қазмедиа» концерт залында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және «Қазақстан» РТРК» АҚ  қолдауымен Қытай кинофестивалінің аясында Джеки Чанмен кездесу ұйымдастырылып, «Кунг-фу йога» фильмінің тұсауы кесіледі.

Хабарламаларға жазылу