Қайрат Нұртас Қазақ радиосының тыңдармандарымен әңгімелесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайрат Нұртас Қазақ радиосының тыңдармандарымен әңгімелесті

30.11.2015
Қайрат Нұртас Қазақ радиосының тыңдармандарымен әңгімелесті

Тікелей эфирдегі қысқа кездесуде Қайрат Қазақ радиосының тындармандарымен әңгімелесіп, шығармашылық жаңалықтарымен бөлісті.

Әңгіме барысында Қайрат Нұртас орындауында 300-ден астам әні бар екенін айтып, сол әндер жинағын Қазақ радиосының музыкалық бағдарламалар редакциясына тапсыруға уәде берді.

Сондай-ақ, әнші 12 желтоқсанда «Астана-Арена» стадионында өтетін жеке шығармашылық кешіне дайындық барысы туралы баяндады.

Ал, Қазақ радиосының тұрақты тыңдарманы Атырау облысының тұрғыны Дүйсенәлі аға ең жақсы қойылған сұрағы үшін, Қайраттың концертіне 2 билет ұтып алды.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу