Жандарбек Мәлібеков: Елтаңба – еліме деген сүйіспеншіліктен туған дүние (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жандарбек Мәлібеков: Елтаңба – еліме деген сүйіспеншіліктен туған дүние (ВИДЕО)

04.06.2017

«Дара жол» бағдарламасының бүгінгі қонағы, архитектор, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ҚР Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков.

4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай студия қонағы болған Жандарбек Мәлібеков сөзін барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтаудан бастады.

Жандарбек Мәлібеков: «Жат жерде жүргеннен кейін менің халқымның да өзіндік тарихы, дәстүрі, мәдениеті бар, елім тәуелсіздік алып жатқан кезде неге оған үлесімді қоспасқа деген ой келді. Елтаңба – еліме деген сүйіспеншіліктен туған дүние».

Жандарбек Мәлібеков: «Анам өмірден ерте озды. Еміс-еміс қана есімде. Теміржол бойында тұрған кезде анам қазанға кебек, тас салып қайната беретін. Соғыс уақыты, жоқшылық заман. Сонда анам «ет қайнап жатыр, қазір піседі, піскен соң жейсіңдер», деп алдайтын еді... Қиім де жоқ ол кезде. Анам аяғымызға жылтыр қағаздан аяқ киім тігіп беретін. Сол шақтар есімде. Әкем де 15 жасымда қайтыс болып кетті. Менің бүгінгі жетістігімді екеуі де көре алмады. Ауыр сұрақ...».

 

Хабарламаларға жазылу