Қ. Тоқаев: Патриот болу – Отанға қызмет ету - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ. Тоқаев: Патриот болу – Отанға қызмет ету

05.10.2022

Мемлекет тұтастығын сақтаудың бірден-бір кепілі – патриоттық сезім. Отанға деген сүйіспеншіліктен, Отанға қызмет етуден артық құнды ұғым жоқ. Патриот болу алаңға шығып ұрандату емес, қажырлы еңбек ету. Қарағанды жұртшылығымен кездесуде Мемлекет басшысы осылай, деді. «Ел мен жердің қасиетін жүрегінен өткізе білген адам кез келген ерлікке бара алады. Бұл біздің жастарға тән қасиет» деген Президенттің сөзі жастарға жігер берді дейді Қазақстан жастар конгресінің басшысы.

Тоқтар Болысов, «Қазақстан жастары конгресінің» атқарушы директоры:

Патриот болу - ол өз саласында мықты болып, өз маманының шебері болу. Біз айтамыз ғой, ТОП 30 елдің қатарына кіруіміз керек деп. Егер әр жас өз саласында алдыңғы қатарда болса, онда біз 30 елдің емес, 10 елдің қатарына ерте кіреміз.

Саламат Омаш


Хабарламаларға жазылу