Қайырбек Арыстанбеков: Біздің лауазымды тұлғаларымыз өте жауапсыз экономикалық шешім қабылдады  (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайырбек Арыстанбеков: Біздің лауазымды тұлғаларымыз өте жауапсыз экономикалық шешім қабылдады  (ВИДЕО)

17.05.2017

Әзірбайжанның халықаралық банкі бүгін Нью-Йорк сотына өзін банкрот деп тану туралы өтініш беріп, кредиторлардың талабынан сақтандыруды сұрады. Енді қаражатты қайтару мүмкін бе?

Қайырбек Арыстанбеков: «Меніңше, барлық кредиторлардың қарызын қайтару мүмкін емес. Ал, біздің ақшаға келер болсақ, бұл еліміздің Ұлттық банкі мен Әзірбайжанның ұлттық банкі арасындағы қарым-қатынас,  үкіметаралық байланыстар, ал егер тым шиеленісіп бара жатса, онда мемлекет  басшылары деңгейінде шешілетін өте күрделі мәселе».

Мұндай мәселе қоғамның талқысына салынуы керек пе еді?

Қайырбек Арыстанбеков: «Зейнетақы қоры – жекеменшік құқықтық тұрғыдан әркімнің жеке меншігі саналады. Жекеменшікті басқару – жеңіл қарайтын шаруа емес. Екінші мәселе, сол 78 миллиард теңге Әзірбайжан банкіне аударылғандағы ең соңғы нүкте Ұлттық банктің рұқсаты. Яғни, бұл зейнетақы қорлары басшыларының шешімі емес, сондай-ақ, Ұлттық банктің басшылығымен келісілген шешім. Ал, нәтижесін өздеріңіз көріп отырсыздар».

Проблемалы банкке ақша аудару арқылы қандай пайда көрер едік?

Қайырбек Арыстанбеков: «АҚШ-тың экономикалық талдау бюросының арнайы классификациясы бар. 3А – ең сенімді рейтинг деңгейі. 2А, 1А, Б деп кете береді. Ал, Әзірбайжан банк осы Б  рейтингіде. Демек, осы классификация бойынша алтыншы орында тұр. Біздің лауазымды тұлғаларымыз алты деңгейді назарға алмай,  өте жауапсыз экономикалық шешім қабылдады».

Хабарламаларға жазылу