Визажисттерден құралған «Сәнді қыздар» тобы «Ән салады мамандар» жобасында Гүлнұр Оразымбетованың – «Қорқыт Қобыз» әнін орындады. Топ тәлімгері - әнші Мақпал Исабекова.
«Қыздар үшін мұндай мүмкіндік бірінші рет туып отырғаннан кейін оларға сахнадан ләззат алып, көрерменге жақсы көңіл-күй сыйлауды ұмытпаңдар деген кеңес бердім», - дейді әнші.
Қазылар алқасы да топқа жоғары баға беріп, тәлімгерлеріне алғыстарын жеткізді. «Қорқыт Қобыз» әніне қойылым қою өте қиын. Бірақ, «Сәнді қыздар» оны ашып көрсете алды», - деді Жанар Айжанова.
Айта кетейік, визажист мамандар бүгінгі жобаның жеңімпазы атанды.