Бүгінгі қазақ эстрадасында әлеуметтік, саяси өзгерістерді сипаттайтын музыка неге жоқ? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгінгі қазақ эстрадасында әлеуметтік, саяси өзгерістерді сипаттайтын музыка неге жоқ? (ВИДЕО)

13.05.2017

«Парасат майданы» бағдарламасының кезекті шығарылымында  музыкант Айбек Ақболатов пен журналист Дана Нұржігіт қонақта болып, қазақ өнеріне, музыкасына  қатысты ойларын ортаға салды. 

Музыкант Айбек Ақболатовтың сөзінше, жаңадан пайда болған әртістер жас болған соң қазіргі заманауи тенденцияны алады. Яғни, ол оның стилі, киімі, жүріс-тұрысындағы ерекшеліктер.  Бірақ, оны көпшілік қатты сынға алады. Олар  өнерді емес, адамды тұлға ретінде сынайтындығын жеткізді.

«Музыка бар. Бірақ, теледидар мен радиоларда андеграундтың ішіндегі музыканттарға цензура болады. Жаңадан бастап келе жатқан мен сияқты музыканттар үшін  олардың ішіне өзінің әуендері мен тректерін салу қиынға түседі. Соның себебінен, бізде жаңа заманауи стильде әуендер жоқ болып көрінеді.  Бірақ, ғаламторға кіріп қарасаңыз, дарынды, заманауи стильде жаза алатын, шетелдік деңгейден де асып түсіретін жастар бар. Олар өз тыңдармандарымен тек интернет парақшасы арқылы байланыса алады.  Басты проблема - сол», - дейді музыкант.

Хабарламаларға жазылу