Елордада Табылды Досымовтың құрметіне «Тұңғыш рет» атты шығармашылық концерт өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Табылды Досымовтың құрметіне «Тұңғыш рет» атты шығармашылық концерт өтті

19.02.2018

Елордада қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымовтың құрметіне «Тұңғыш рет» атты шығармашылық концерт өтті. Ақынның ұлы Абыл Аяш әкесінің өнерін жалғап, аталған стильде, яғни, жанды дауыста және гитараның сүйемелдеуімен өнер көрсетті.

Кеш қонақтары әуелі музыка әлемінде ерекше серпіліс туғызған бардтық туындыларға қанықса, кейінгі екі бөлімде лирикалық және патриоттық сарындағы әсем әндермен сусындады. Шараға Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Елена Әбдіхалықова, әнші, сазгер Қорабай Есенов және басқа да танымал тұлғалар қатысты. 

Абыл Аяш, әнші:

- Шынымен де біздің қазақ эстрадасында бардтық жанрдың не екенін көп біле бермейді. Соны түсіндіру мақсатында бардтық жанрдағы Қазақстандағы тұңғыш кеш, сол себептен де концерттің аты «Тұңғыш рет» деп қойылды.

Индира ҚҰРБАНБАЙ

Хабарламаларға жазылу