Сауытбек Абдрахманов: Барлық жаңғырудың өзегі – рухани жаңғыру (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауытбек Абдрахманов: Барлық жаңғырудың өзегі – рухани жаңғыру (ВИДЕО)

01.05.2017

«Басты тақырыптың» бүгінгі қонағы – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының жетекшісі Сауытбек Абдрахманов.

Елбасы мақаласындағы рухани  жаңғыруға  тоқталған депутат барлық жаңғырудың өзегі – рухани жаңғыру екенін айтады.

«Өйткені, экономика жаңғыруы үшін де, саясатта жаңғырулар болуы үшін де, алдымен адам өзгеруі керек. Адам өзгермей қоғам өзгермейді. Қоғам өзгермей, заман өзгермейді. Бәрінің өзегі – адам. Адам қалай өзгереді? Адам ойдан өзгереді. Барлық істі бастайтын – ой. Тамақтанудың өзінде ми белгі бермей, қол қозғалмайды.  

Сол үшін алдымен, ой өзгеруі керек. Қазіргі жаңарған  заманда жаңаша ойлау керек. Елбасы күні кеше жарық көрген мақаласында жаңаша ойлаудың үлгісін көрсетті. Бүкіл елді жаңаша ойлауға шақырып отыр. Президенттің кешегі сөзі қазақ тарихын, жалпы қазақты, бүкіл елімізді өзгертетін тарихи сөз. Бұл сөздің қасиеті – тұтас ұлтқа арналғандығында»,-дейді.

Хабарламаларға жазылу