Мемлекет басшысы биыл Қазақстан халқы Ассамблеясына қандай міндеттер жүктеді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы биыл Қазақстан халқы Ассамблеясына қандай міндеттер жүктеді?

01.05.2017

«Бір ауыз сөзбен айтар болсақ, Елбасы осы рухани жаңғыру ісінде Ассамблея өз орнын қалай табуы керек деген әңгімені айтты. Президент кез-келген жаңғыру қоғамның тұрақтылығы жағдайында ғана іске асатындығын қадап көрсетті. Экономикалық, саяси жаңғырулар қиын, алайда, ең қиыны – адамның санасын жаңғырту.

Ғасырлар бойы қалыптасқан менталитетімізге белгілі бір дәрежеде өзгерістер алып келу,  яғни, біздің ғасырлар бойы даланың кеңдігіне, жердің молдығына байланысты қалыптасқан кең жүрек қалпымыз, соған байланысты туындайтын кең балақ жүрісіміз, дархандық пен дарақылықты шатастырып алатын далалық мінезіміз, міне осылардың бәріне белгілі бір дәрежеде сын көзбен қарау.

ХХІ ғасырдың халқына қандай қасиеттер керек? Дамуымыздың қарқынын тежейтін қандай мінездерден арылуымыз қажет дегенді айтты. Тарихи сөз дегенім осы»,-дейді Сауытбек Абдрахманов.

«Басты тақырыптың» бүгінгі қонағы – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының жетекшісі Сауытбек Абдрахманов.

Хабарламаларға жазылу