Бекболат Тілеухан: Ауылдың қадірін білмеген адамды мемлекеттің қадірін ұғынады деу қиын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бекболат Тілеухан: Ауылдың қадірін білмеген адамды мемлекеттің қадірін ұғынады деу қиын

30.04.2017

Осы аптадағы басты оқиғалардың бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясының өтуі. Елбасы алқалы жиында «Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» тақырыбына тағы да айрықша тоқталды. Бұл бағдарламаның Ассамблея үшін зор мүмкіндіктерге жол ашып беретінін жеткізді. Сондай-ақ, кәсіпкерлер мен қалталы азаматтарды туған жеріне қолдау білдіріп, табысымен бөлісуге шақырды.

 

Осыған орай, «Туған жерге туыңды тік!» тақырыбымен өткен «1 студия» бағдарламасының бүгінгі қонақтары – «Ауыл» партиясының төрағасы, Сенат депутаты Әли Бектаев, Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан, ҚСЗИ директорының кеңесшісі, саясаттанушы Берік Әбдіғали және өлкетанушы Бекболат Төлегенұлы.

 

«Ата-анасының, бірге туған бауырының, досының, кіндік қаны тамған ауылының қадірін білмеген адам елдің, мемлекеттің қадірін ұғынады деу қиын. Туған жер – өте қастерлі ұғым. Ұлтына еңбек етпей, адамзатқа пана боламын деу ақылға сыймайды. Мұның дер кезінде қолға алынған жоба екенін көпшілік біліп отыр», дейді «Туған жер» бағдарламасы қандай болуы керек?», деген сауалға пікірін білдірген депутат Бекболат Тілеухан.  

 

«Бұған дейін де өзінің жиған-тергенімен елге көмектесіп жатқан азаматтар бар. Десе, де Елбасы тарапынан бағдарлама ретінде ұсынылып, мемлекет тарапынан қолдау табуы күллі бұқараның аузында жүр. Кезінде «Мәдениет және тұрмыста» Ыбырай Жақаевты, Кәмшат Дөнентаеваны, Алдаберген Оңғарбаевты қалай көтермеледік?! Тура осындай нәрселер бағдарлама шеңберінде  іске асса, нағыз ұлттық, мемлекеттек идеология болар еді», дейді депутат.  

 

 

Хабарламаларға жазылу