«Ән салады мамандар» жобасының екінші қатысушылары – «Жалынды географтар» командасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ән салады мамандар» жобасының екінші қатысушылары – «Жалынды географтар» командасы

22.04.2017

«Ән салады мамандар» жобасының екінші қатысушылары – «Жалынды географтар» командасы.

Тәлімгер – әнші Медет Көжекбаев.

«Топ туралы айтар болсам, бәрі де еті тірі адамдар, есту қабілеттері де жақсы. Жалпы маған дәл осындай топтың түскеніне қуаныштымын», - дейді әнші Медет Көжекбаев.

«Жалынды географтар» командасы Музарт тобының «Балдәурен» әнін орындап, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Айта кетейік, «Ән салады мамандар» бағдарламасының кезекті шығарылымда үш топтың ішінен үздік деп «Жолаушы» командасы танылды.

Естеріңізге саламыз, «Ән салады мамандар» музыкалық шоуы эфирге әр сенбі 20:35-те шығады.

Бағдарламаның толық нұсқасы

Хабарламаларға жазылу