«Ән салады мамандар». «Жалынды географтарға» берілген баға жақсы болды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ән салады мамандар». «Жалынды географтарға» берілген баға жақсы болды (ВИДЕО)

18.06.2017

Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан әр сенбі сайын эфирге шыққан «Ән салады мамандар» жобасының финалы өтуде. Ешбір музыкалық білімі болмаса да, әнді өзінше сүйетін, өнерді ерекше бағалайтын әр саланың білікті мамандары 4 ай бойы өнер көрсетті.

«Жалынды географтар» әр кезең сайын ерекше өнер көрсетіп, қазылар алқасының да, көрерменнің де есінде қалған топтардың бірі.

Топ мүшелері алғашқы кезеңнен өткен кезде сенімділік пайда болғанын айтады. Ал, жартылай финалға өткен соң, үміт басым болды дейді.

«Біздің финалға шыққанымыз ғажап оқиға деп санаймыз. Себебі, біздің қарсыластарымыз шетінен мықты. Вокал жағынан да, би жағынан да».

Бұл жолы да әке туралы ән айтып, қазылар алқасының көңілін жібіткен топ мүшелеріне берілген баға жақсы болды.

Дегенмен, Жанар Айжанова «отбасындағы қайғы-мұңды сахнаға алып шығу дұрыс емес»,-деген пікір айтты.

Хабарламаларға жазылу