«Сәнді қыздар» бүгінгі әндерін тәлімгерсіз өз күштерімен алып шықты (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сәнді қыздар» бүгінгі әндерін тәлімгерсіз өз күштерімен алып шықты (ВИДЕО)

27.05.2017

Визажистерден құралған «Сәнді қыздар» «Ән салады мамандар» жобасының алғашқы кезеңінде ұлттық стильде ән айтса, бүгін мүлдем басқа қырдан көрінді. Қыздар құрамасы ән айту барысында киімдерін де үш рет ауыстырып үлгерді.

Айта кету керек, топтың тәлімгері жоқ. Бүгінгі нөмірлерін қыздар тек өз күштерімен алып шықты.

Жанар Айжанова өткен кезеңде орындаған «Қорқыт-қобыз» әні мен бүгінгі орындауларын салыстыруға мүлдем келмейтінін айтады.

Ал, Арман Дүйсенов «Билеп тұрып ән айту өте қиын. Дегенмен, жаман емес. Бірақ, біз мектепте отырған жоқпыз. Дайындалған екенсіңдер, өте бер деп жібере алмаймыз. Нәтижені бағалаймыз», деген ой білдірді.

Хабарламаларға жазылу