Айдос Сарым: Елбасы мақаласы идеологиялық құжат емес, бұл – ұлтпен кеңесу (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айдос Сарым: Елбасы мақаласы идеологиялық құжат емес, бұл – ұлтпен кеңесу (ВИДЕО)

16.04.2017

Бүгін Ұлттық арнадағы «1 студияда» талқыланған Елбасы мақаласына қатысты саясаттанушы Айдос Сарым да өз пікірін білдірді.

«Бүгінде мемлекеттің басты жұмысы үй салу, жол салу, көпір салу емес, мемлекет егін екпейді, мемлекет мырыш өндірмейді. Мемлекеттің басты жұмысы – жаңа ұрпақ тәрбиелеу. Парасатты биліктің жұмысы заң, мәдениет, ақпарат, саяси бәсекелестік арқылы қоғамды белгілі бір сапаға келтіріп отыру.

Біз алдағы 25 жылда қандай ұрпақ дүниеге келуі керек, ол қандай тәрбие, білім алуы керек, оның ішінде қандай қадір-қасиет, қандай мінез болуы керек деген мәселелерді осындай үлкен мақаладан іздеуіміз керек сияқты. Бұл идеологиялық құжат емес, бұл – ұлтпен кеңесу, кеңесу арқылы ұлтты талқыға шақыру».

Хабарламаларға жазылу