Ұлттық арнада «1 студия» саяси ток-шоуының тұсауы кесілді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада «1 студия» саяси ток-шоуының тұсауы кесілді (ВИДЕО)

16.04.2017

Бүгін «Қазақстан» Ұлттық арнасында «1 студия» саяси ток-шоуының тұсауы кесілді. Хабардың алғашқы саны ұлттың ұйысуына, рухани жаңғыруына арналды.

Хабар барысында мемлекеттік идеологияны анықтайтын, қазақ қоғамын рухани жаңғыртуға бағытталған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бағдарламалы мақаласының ең өзекті тұстары талқыға салынды.

Ток-шоудың бүгінгі қонақтары: ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қалетаев, саясат кер, қоғам қайраткері Әміржан Қосанов, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, саясаттанушы Айдос Сарым.

Студияға ой бөлісуге келген қонақтардың бірі депутат Дархан Қалетаев Елбасының мақаласы биылғы Жолдаудың рухани, саяси жалғасы екенін айтады.

«Бұл Елбасының көптен бері түрлі жиындарда айтып жүрген мәселелері. Соның бас-аяғын жинақтап мақала ретінде берді. Бұл өте дұрыс, себебі, мақаланың әр сұрағында астар бар. Соны түсініп оқу керек. Елбасы мұнда алты бағытқа тоқталған. Менің ойымша, бұл әсіресе, жастарға ұғынықты бағыттар»,-дейді депутат.

Хабарламаларға жазылу