Алтай Көлгінов: Облыс бойынша елу мыңға жуық ағаш отырғыздық (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алтай Көлгінов: Облыс бойынша елу мыңға жуық ағаш отырғыздық (ВИДЕО)

27.04.2017

Мемлекет басшысының рухани жаңғыруды мақсат тұтқан идеологиялық мақаласы шыққалы екі апта уақыт болды. Тура бір аптадан соң Елбасының Жарлығымен Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия құрылып, кеше алғашқы отырысы өтті. «Басты тақырыптың» бүгінгі қонағы осы комиссияның мүшесі, Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов.

Өңірдегі су тасқынына қарсы шаралар жөнінде айта кеткен аймақ басшысы Ұлттық комиссия отырысына тоқталды.

«Рухани жаңғыру бағдарламасы – тарихи бағдарлама. Президент жыл басын саяси модернизациядан, Конституциялық реформадан бастады. Экономикалық модернизацияны өзінің жолдауында айтты. Ал, кейінгі жарияланған мақала уақытылы жарияланды деп ойлаймын.

Ұлттық комиссияның алғашқы отырысында ұйымдастырушылық шараларын, комиссия мүшелерін белгілеп,  бағыт-бағдарды нақтылап берді. Мысалы, біз өңірлерге барғанда, сол өңірлік деңгейде арнайы мүшелерді топтап, әр бағыт бойынша белгілі бір ойы, тәжірибесі бар азаматтарды жинап, ақылдасып, қалың бұқараға жеткізіп, мақсат-міндетті жүзеге асыратын боламыз»,-дейді.

Өңір басшысы сондай-ақ, Орал қаласының нақты қандай шараларды қолға алғанын айтып өтті.

 

Хабарламаларға жазылу