Әнші Нұрлан Абдуллин: Еліміздің мәдениетін шетелге барынша насихаттау керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әнші Нұрлан Абдуллин: Еліміздің мәдениетін шетелге барынша насихаттау керек

21.05.2018

Әнші Нұрлан Абдуллин «Таңшолпан» бағдарламасының Алматы студиясының қонағы болды.

«Егемендік алғалы төрт құбыламыз түгел. Жас таланттар аз емес. Меніңше, жастарға орын беру керек. Қазіргі уақытта шетелге көп барамын. Онда қандастарымыз, достарымыз да бар.

Жақында Мәскеудегі әріптесіміз Григорий Лепспен бірлескен туындымыз шығады. Соған дайындалып жатырмыз. Біздің еліміздің мәдениетін, әндерін шетелге барынша насихаттау керек», - дейді өнер иесі.

 

 

Толық нұсқа

 

 

Хабарламаларға жазылу