Ертең «Таңшолпанда» - Бағдат Сәмединова қонақта болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең «Таңшолпанда» - Бағдат Сәмединова қонақта болады

02.10.2014
Ертең «Таңшолпанда» - Бағдат Сәмединова қонақта болады

Әнші Бағдат Сәмединова – ерекше табиғи әсем дауысты, асқан өнеріне халқы  қол соғып жүрген талант.

Жастайынан әнші болуды армандаған даланың қызы: «Бала кезімде мен не әнші, не мұғалім болып ойнайтынмын. Қора тазалап жүрсем де, бақшада жұмыс істеп жүрсем де, мал бағып жүрсем де, әнімді үзбейтінмін»,- деп еске алады.

Шығармашылығындағы жаңалықтармен әнші ертең «Таңшолпан» бағдарламасында бөліспек. Таңғы бағдарламаны сағат 07.00-10.00 аралығында Ұлттық арнадан көре аласыздар.

Сондай-ақ, бағдарламаға филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қайрат Сақ қонаққа келеді.   

Хабарламаларға жазылу