«Ән салады мамандар» жобасында дәрігерлер ән салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ән салады мамандар» жобасында дәрігерлер ән салды

08.04.2017

Дертке шалдыққандардың үміт отын үрлейтін - дәрігерлер. Аптасына жеті күн, тәулігіне 24 сағат жұмыс істейтін ақ халатты абзал жандар кез келген адамға көмек қолын созуға дайын тұрады. Олар бүгін ән шырқады. 

«Ән салады мамандар» жобасында бақ сынауға келген «Музыкатерапия» тобының құрамы:

Бақыт Сұраншиева - рентген бөлімінде аға медбике. Көзі қырағы маман ағзадағы кез келген кінәратты бірден байқайды.

Серік Жұмабаев - қабылдау бөлімінің дәрігері. Қай кезде, қай жерде болса да алғашқы көмек көрсетуге дайын жүреді.

Перизат  Тоғымова - офтальмолог. Көзілдірікті адам көрсе болды, дұрыс кеңес беріп, көру қабілетін жақсартуға көмектескісі келіп тұрады.

Шалқар Мамырбаев  - жансақтау бөлімінің реаниматолог-анестезиологы.

Назым Жұмағұлова - нефролог. Бүйрек ауруларын емдейді.

Ақиқат Артықов – «Жедел жәрдем» дәрігері. Талай нәрестенің кіндігін кесіп, қаншама адамды клиникалық өлім күйінен аман алып шыққан.

Топ тәлімгері – Нұрлан Абдуллин. Орындаған әндері:  «Time to say goodbye».

Қазылар алқасы киімдері мен қойылымға жоғары баға берді.

Хабарламаларға жазылу