«Тәй-тәй шоу». Дүниеге келгеніне 312 күн болған  Жанкерім Бақытжанқызы  бірінші кезеңнің жеңімпазы атанды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тәй-тәй шоу». Дүниеге келгеніне 312 күн болған  Жанкерім Бақытжанқызы  бірінші кезеңнің жеңімпазы атанды (ВИДЕО)

08.04.2017

Бүгін «Қазақстан» Ұлттық арнасында сәбилер сайысатын «Тәй-тәй шоу» жобасының кезекті саны шықты. Жобаның алғашқы кезеңінде кішкентай бүлдіршіндер  небәрі 2 минут ішінде ешбір кедергіге қарамай аналарына еңбектеп жетуі тиіс.

Алғашқы қатысушы – Ариана Байшүкенова жарысты  бір күліп алып бастады. Ол мәреге қарай жүгіріп келгенімен, орта жолда ойыншықтарды  қызықтап  кетті.  Ариананы анасы қанша жерден дауыстап шақырғанымен мәреге жете алмады.

Ал, екінші қатысушы Әмірхан Болатов ойыншық көлікпен ойнап отырып, алға тәй-тәй басуы қиынға түсті. Анасы одан көп үміт күтіп еді, болмады.

Ақын Ринат Зайтовтың қызы Аягөз жарыс жолына үшінші болып қатысты. Ол үйінің кенжесі. Ойынның бастапқы сәтінде Аягөзді анасы қанша еркелетіп шақырғанымен әдемі жайғасы алып, айналасындағы ойыншақтарды қызықтады. Соңғы минуттарда ол еңбектеудің орнына тұрып кетті. Өкінішке қарай,  Аягөз мәреге жете алмады.

Өте ақкөңіл қатысушы Жанкерім Бақытжанқызы ойынды бірден еңбектеп бастады. Оған анасы өте мәз болды. Ол әдемі көңіл-күймен мәреге жетіп, бірінші кезеңнің жеңімпазы атанды.

Хабарламаларға жазылу