«Айтуға оңай...». Зарина Әшірова: Құлдықта балалы болдым (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айтуға оңай...». Зарина Әшірова: Құлдықта балалы болдым (ВИДЕО)

05.04.2017

«Мен Өзбекістанның тумасымын. Кейін анаммен Шымкент қаласына көшіп келдік. Анама көмек бергім келіп, 16 жасымда Мәскеуге бардым. Жездем «Ресейде бала күтуші керек деді». Ол - Жансұлу деген кісінің отбасы. Жансұлудың Жанар, Шолпан деген сіңілілері бар. Олардың Мәскеуде дүкен желілері бар.

Барған сәттен бастап құжаттарымды алып қойды. Ескі киім берді. Дүкенге сатышу болуға шығарды. Дүкенде менен басқа тағы 15 адам істеді. Барлығымызды арақ ішуге мәжбүрлейді. Күнде сабайды. Клиентпен сөйлессең де, қасындағылармен сөйлессең де, ұрады.

Басым тілінген, зақымданған, саусақтарым сынған. Үйге қоңырау соқтырмайды. Далаға шығармайды. Артыңнан аңдиды. Дүкенде 48 камерасы бар.

Одан қоса, сол жерде бізбен бірге жұмыс істеп жүрген балалармен қосады. Егер жігіттер көнбесе, оларды ұрады Сонда тұрып балалы болдым. Қазір балам 5 жаста.

2 жылдан кейін анам мені ол жақтан алып шықты», - дейді Зарина.

Хабарламаларға жазылу