127 жыл бұрын (1889-1941) Алаш қозғалысының қайраткері Мұстафа Шоқай дүниеге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

127 жыл бұрын (1889-1941) Алаш қозғалысының қайраткері Мұстафа Шоқай дүниеге келді

25.12.2016
127 жыл бұрын (1889-1941) Алаш қозғалысының қайраткері Мұстафа Шоқай дүниеге келді

25 желтоқсан, жексенбі, 2016 жыл

 

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

37 жыл бұрын (1979) «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік қорық-мұражайы құрылды.

34 жыл бұрын (1982) «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрі құрылды.

26 жыл бұрын (1990) Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы 2-ші СЭС-інің бірінші энергоблогі іске қосылды.

 

ЕСІМДЕР

127 жыл бұрын (1889-1941) Алаш қозғалысының қайраткері, Түркістан өлкесі халықтарының азаттық күресі жетекшілерінің бірі, публицист МҰСТАФА Шоқай дүниеге келді.

108 жыл бұрын (1908-1974) жазушы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ЕСЕНЖАНОВ Хамза Ихсанұлы дүниеге келді.

77 жыл бұрын (1939-2014) қазақтың ақын қызы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының халық жазушысы ОҢҒАРСЫНОВА Фариза Оңғарсынқызы дүниеге келді.

73 жыл бұрын (1943) әдіскер ұстаз СЫБАНБЕКОВА Бақыт Сауданбекқызы дүниеге келді.

71 жыл бұрын (1945) биология ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық Ақпаратандыру Академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Жоғары мектеп Ғылым Академиясының академигі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті экология және ботаника кафедрасының оқытушысы БИҒАЛИЕВ Айтқожа дүниеге келді.

56 жыл бұрын (1960-2003) ақын МӘУКЕНҰЛЫ Нұрлан дүниеге келді.

 

 

Хабарламаларға жазылу