Талантты әнші Димаш Құдайбергенов Қытай халқын қайран қалдырды (ВИДЕО)
Отандасымыз Димаш Құдайбергенов қатысып жатқан Қытайдағы «Singer-2017» ән байқауы 21 қаңтар күні Астана уақытымен 20:30-да эфирге шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Димаш жобаның бірінші кезеңінде француздардың ең қиын әнінің бірі саналатын әйгілі «SOS d'un terrien en détresse» әнін орындап, қытайлық көрермендерді тәнті етті. Байқаудың қатысушылары, қытайға танымал әншілер де өз таңданыстарын жасыра алмады.
Қытайдың Sina Weibo (Твиттердің баламасы) әлеуметтік микроблогына жазылушылардың саны 35 мыңнан бір сағатта 118 мыңға жетті.
Айта кетерлігі, Қытайдағы үлкен ән байқауларының қатысушысы, қандасымыз Арай Айдархан жоба талабына сәйкес серіктес болып қатысып, қолдау көрсетті.
Байқаудың екінші кезеңі келесі сенбі күні өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да соңғы үш жылда 1 млн-ға жуық турист келген
18.12.2025, 20:54
Әлемнің ең мықты бадминтоншылары бақ сынап жатыр
18.12.2025, 20:50
Әлем жаңалықтарына шолу
18.12.2025, 20:15
Отандық арналар Түркияда хабар таратады
18.12.2025, 20:14
Қонаев қаласында дауыл салдарынан бүлінген нысандар қалпына келтірілді
18.12.2025, 20:14
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 5,9 пайызға өсті
18.12.2025, 20:09
Түркістанда көпір қирап, қатынас үзілген соң оқушылар онлайн оқып жатыр
18.12.2025, 20:09
Автосақтандыру компаниялары төлейтін өтемақы мөлшері екі есе өседі
18.12.2025, 20:08