18 ақпанға арналған күнтізбе - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

18 ақпанға арналған күнтізбе

18.02.2017
18 ақпанға арналған күнтізбе

18 ақпан, сенбі, 2017 жыл

ЕСІМДЕР

122 жыл бұрын (1895-1958) ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері ЗИКЕЕВ Виктор Васильевич дүниеге келді.

88 жыл бұрын (1929-1986) филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент мүшесі   Әнуар Жақсығалиұлы ДЕРБІСАЛИН дүниеге келді.

79  жыл бұрын (1938) экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның Еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері Кенжеғали Әбенұлы САҒАДИЕВ  дүниеге келді.

71 жыл бұрын (1946-2004) жазушы, аудармашы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мұқадес ЕСЛАМҒАЛИҰЛЫ дүниеге келді. 

63 жыл бұрын (1954) американдық актер, биші және әнші Джон ТРАВОЛТА дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу