79 жыл бұрын (1938) Павлодар облысы құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

79 жыл бұрын (1938) Павлодар облысы құрылды

13.01.2017
79 жыл бұрын (1938) Павлодар облысы құрылды

15 қаңтар, жексенбі, 2017 жыл

Википедияның туған күні

Сайт 2001 жылы 15 қаңтарда ашылған. Гавай тілінен аударғанда вики сөзі «жылдам» деген мағынаны білдіреді. Википедия (ағылшынша Wikipedia) - әлемдік ғаламтор желісінде еркін таратылатын әмбебап энциклопедия.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

292 жыл бұрын (1725) Әбілқайыр ханның қазақтардың басын қосып, Түркістанды қайта алғаны жөніндегі хабар Мәскеуге жетті.

242 жыл бұрын (1775) «Жайық өзенін - Орал, сонда орналасқан казактарды оралдықтар, Жайық қаласын - Орал» деп өзгерту туралы ІІ Екатерина патшаның жарлығы шықты.

83 жыл бұрын (1934) Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ресми түрде ашылды.

80 жыл бұрын (1937) Қазақ музыка театрында (казіргі Абай атындағы Қазақ академиялық опера және балет театры) «Ер Тарғын» операсының премьерасы қойылды.

79 жыл бұрын (1938) Павлодар облысы құрылды.

52 жыл бұрын (1965) Семей ядролық полигонында, Шаған өзенінің кеуіп қалған арнасында, 178 метр тереңдікте қуаты 104 килотонналық атом бомбасы жарылды.

25 жыл бұрын (1992) Гурьев облысы мен Гурьев қаласы (1640 жылы негізі қаланған) Атырау облысы және Атырау қаласы болып өзгертілді.

23 жыл бұрын (1994) Елбасы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты құрылды.

 

ЕСІМДЕР

106 жыл бұрын (1911-1990) қоғам және мемлекет қайраткері АРТЫҒАЛИЕВ Шолақ дүниеге келді.

81 жыл бұрын (1935) актриса, Қазақстанның Халық әртісі ӘКБАРОВА Зинат дүниеге келді. Алматы облысы Жаркент қаласында туған. Алматы хореографиялық училищесін бітірген.

67 жыл бұрын (1950-2008) сәулетші, Қазақ КСР-нің Еңбек сіңірген сәулетшісі, КСРО Халық сәулетшісі МОНТАҚАЕВ Қалдыбай Жұмағалиұлы дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу