Ким Серікбаев: Жарты жыл ішінде доктрина ғана емес, 4 заңды да жазып шықтық (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ким Серікбаев: Жарты жыл ішінде доктрина ғана емес, 4 заңды да жазып шықтық (ВИДЕО)

18.12.2016
Ким Серікбаев: Жарты жыл ішінде доктрина ғана емес, 4 заңды да жазып шықтық (ВИДЕО)

Елдің ұлттық және әскери қауіпсіздігі үрей туғыза бастады. Барлық жұмыс заң аясында жүзеге асуы тиіс. Сондықтан, шұғыл түрде сауатты жазылған заң жобасына қажеттілік туды. Бұл тапсырма полковник Ким Серікбаевқа жүктелді. Себебі, ол кезде одан тәжірибелі, одан білімді офицер Қазақстанда жоқ болатын.

Әскери ғылымдар докторы Ким Серікбаев:

«Президенттің нұсқауы бойынша, жарты жылдың ішінде доктрина жазып шығу керек болды. Біз жарты жыл ішінде тек доктрина емес , 4 заңды да жазып бердік»,-дейді.

«Ақсауыт» мұрағаты

Хабарламаларға жазылу