Маусымда Қазақстан экономикасы бейтарап деңгейге шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маусымда Қазақстан экономикасы бейтарап деңгейге шығады

14.06.2016
Маусымда Қазақстан экономикасы бейтарап деңгейге шығады

Маусымда Қазақстан экономикасы бейтарап деңгейге шығады деп күтілуде. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті.

Оның айтуынша, 2016 жылдың 5 айының қорытындысына сәйкес ІЖӨ төмендеген. Бастапқы  4 айдың қорытындысында төмендеу 0,4 пайыз деңгейінде, ал қаңтар-мамырда 0,4 пайыз деңгейінде байқалған.

«Яғни, біз бір айдың ішінде 0,2 пайыз ұтысқа шықтық. Маусымда экономика бейтарап деңгейге шығады деп күтеміз. Яғни, біз әлсіз болса да оңтайлы аймаққа  шығамыз немесе ІЖО құлдырау тыйылатын болады. Мемлекет басшысы бүгін бізге жүзеге асыруға тапсырған шаралар топтамасы экономиканы қолдауға мүмкіндік береді», - деді Қ.Бишімбаев.

Айта кетерлігі, ресми болжамға сәйкес ел экономикасының өсімі жыл соңына дейін 0,5 пайыз болады деп күтілуде. Дегенмен, мұнан да жоғары өсім болуы да ықтимал.  Еліміздің Ұлттық экономика министрлігі нақтыланған мәліметтерді шілденің соңында не тамыздың басында ғана ұсына алады.

Хабарламаларға жазылу