Солтүстік Корея жауапты ядролық мемлекет деп жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Корея жауапты ядролық мемлекет деп жарияланды

09.09.2022

Мұндай заңды мемлекет басшысы Ким Чен Ын қабылдады. Солтүстік Корея лидері ядролық қарусыздану бойынша келіссөздер жүргізуге ниетті емес екенін мәлімдеді. Жаңа заңға сай Пхеньян өзіне қарсы қауіп төніп тұр деп есептесе, жауға ядролық соққы беруге құқылы. Бұған қоса, сырттан шабуыл жасалса, ядролық қаруын автоматты түрде қолдануға мүмкіндік алды. Ким Чен Ын жер бетінде ядролық қару мен империализм сақталып, АҚШ пен оның одақтастарының Пхеньянға қарсы маневрлері тоқтамайынша, ядролық күштерді нығайту жұмыстары жалғасады деп мәлімдеді.


Хабарламаларға жазылу