Солтүстік Кореяның зымырандарды сынауы БҰҰ-ның да наразылығын тудыруда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Кореяның зымырандарды сынауы БҰҰ-ның да наразылығын тудыруда

07.03.2017
Солтүстік Корея дүйсенбіде ұшырған 4 баллистикалық зымыранды Жапониядағы Америка базаларына бағытталған дайындық деп атады. Мұны елдің ресми ақпарат агенттігі хабарлап отыр.

Ракеталар ұшырылған кезде Ким Чен Ынның өзі болған. Олардың үшеуі Жапон теңізіне барып құлаған. Жалпы, Солтүстік Кореяның зымырандарды сынауы Жапония, Оңтүстік Кореяның ғана емес, Біріккен Ұлттар Ұйымының да наразылығын тудырып келеді.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу