Биылғы «Алтын домыбараны» Мұхтар Ниязов жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биылғы «Алтын домыбараны» Мұхтар Ниязов жеңіп алды

05.12.2016
Биылғы «Алтын домыбараны» Мұхтар Ниязов жеңіп алды

Алматыда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы аяқталды.

Республика сарайында өткен дәстүрлі жыр додасында «Алтын домбыраны» қызылордалық Мұхтар Ниязов жеңіп алды. Ниязовқа «Алтын домбыра» мүсінімен қатар, 3 миллион теңге сыйақы берілді.

1-орын Болатбек Оразбаевқа (2 млн теңге), 2-орын Жансая Мусинаға (1 млн теңге) бұйырды. Ал 3-орын Серікзат Дүйсенғазы, Мейірбек Сұлтанғазы, Иранғайып Күзенбаев пен Өміржан Көпбосыновқа (әрқайсысына 300 мың теңгеден) берілді.

Ақындардың өнерін ҚР еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтаев, Қазақстанның халық ақыны Қонысбай Әбілов, филология ғылымдарының докторы Қойлыбай Асанов, «Дарын» сыйлығының лауреаты Мұхамеджан Тазабек, «Дарын» сыйлығының лауреаты Дәулеткерей Кәпұлы сынды танымал ақындардан жасақталған қазылар алқасы бағалады.

Республикалық айтыс Алматы қаласының әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өтті.

Айта кетейік, Мұхтар Ниязов 2012 жылы «Алтын домбыраның» алғашқы иегері болған еді. Келесі жылы бұл бәйгенің бас жүлдесін Жандарбек Бұлғақов иеленсе, 2014 жылы Балғынбек Имашевтің еншісіне бұйырған болатын. Ал, 2015 жылы «Алтын домбыра» мүсіні павлодарлық ақын Аспанбек Шұғатаевтың еншісіне тиді.

inform.kz

(Сурет Думан Кенжеғазиннің парақшасынан)

Хабарламаларға жазылу