Информатика күні
1948 жылғы желтоқсанның 4-де КСРО-ның Министрлер одағының Мемлекеттік комитеті И.С.Брук және Б.И.Рамеев ойлап тапқан сандық электронды есептеуіш машинасын халық шаруашылығына енгізіп, 10475 рет санымен тіркеді. Бұл Ресей Федерациясының есептеуіш техникасының дамуына қатысты алғашқы ресми түрде тіркелген құжат. Бұл күн Ресей информатикасының туған күні деп айтылуға толық құқығы бар.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
97 жыл бұрын (1919) Семей губерниясы партия комитеті «Қазақ тілі» газетінің алғашқы саны жарық көрді.
20 жыл бұрын (1996) Ақмола аграрлық университетіне қоғам қайраткері, ақын, жазушы Сәкен Сейфуллиннің есімі берілді.
ЕСІМДЕР
111 жыл бұрын (1905-1987) ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-і еңбек сіңірген ғылым қайраткері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ПАК Давид Николаевич дүниеге келді.
78 жыл бұрын (1938) физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі ХАРИН Станислав Николаевич дүниеге келді.
66 жыл бұрын (1950) техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік Ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Индустриялық құрылыс технологиясы қауымдастығының төрағасы, «Стромпроект» ғылыми-зерттеу институтының ғылыми кеңесшісі НҰРБАТЫРОВ Қанапия Ақпанұлы дүниеге келді.