Бүгін - геологтар күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - геологтар күні

30.03.2018

Бүгін елімізде кәсіптік мереке - геологтар күні. Айтулы датаға орай Инвестициялар және даму министрлігі салтанатты шара өткізіп, сала мамандарын арнайы төсбелгілермен марапаттады. Бірқатар азаматтарға Қазақстан Республикасының «Құрметті жер қойнауын барлаушы», «Жер қойнауының үздік барлаушысы» және «Алғашқы ашылым жасаушы» медальдары табысталды. Сондай-ақ, мамандарға министрліктің Құрмет грамотасы берілді. Ел экономикасына елеулі үлес қосатын бұл салаға Мемлекет басшысы ерекше көңіл бөледі. 2016 жылы Елбасының Жарлығымен наурыздың 30-ы геологтардың кәсіби мерекесі ретінде белгіленді. Қазір бұл салада 180 мыңдай адам қызмет етеді.

Клара Раева, геолог:

- Менің бұл салада қызмет етіп жүргеніме 47 жыл болды. Сала қызметкерлерінің еңбегі орасан. Мемлекеттің геология саласына көңіл бөлетінін барлығымыз жақсы білеміз. Оған зерттеу жұмыстары барысында табылып жатқан пайдалы қазбалардың көптігі дәлел. Қашағанның өзі геологтардың ондаған жыл бойы атқарған жұмысының жемісі. Сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. 

Хабарламаларға жазылу