Тұңғыш рет «Жыл таңдауы» ұлттық телевизиялық музыкалық жүлдесі табысталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұңғыш рет «Жыл таңдауы» ұлттық телевизиялық музыкалық жүлдесі табысталады

16.11.2016
Тұңғыш рет «Жыл таңдауы» ұлттық телевизиялық музыкалық жүлдесі табысталады

Бүгін Алматы қаласындағы «Алматы Арена» мұз сарайында «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның ұйымдастыруымен тұңғыш рет «Жыл таңдауы» ұлттық телевизиялық музыкалық жүлдесі табысталады.

Бұл - шоу-бизнес көшіне енді ілескен жаңа есімдер, сахна саңлақтары, хит-парад төрінен алыстамайтын жұлдыздардың бас қосып, көрерменге есеп беретін кеші. Сонымен қатар, бүгінгі ғаламат шоуда жылдың үздік əні таңдалады.

Шара Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған.

Кештің сыйлы қонақтары - «Istersern» əнімен миллиондаған тыңдарманның жүрегін жаулаған түрік әншісі Бурай мен Қытай халқын мойындатқан қазақ баласы Арай.

Естеріңізге саламыз, kaztrk.kz порталы арқылы кешке көрермендер арасында тегін билеттер ойнатылды.

Шараның басталуы: 18:00-де.  

Хабарламаларға жазылу