Ұлттық арнадан «Жыл таңдауы» ұлттық телевизиялық музыкалық жүлдесін табыстау салтанатын көріңіз! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнадан «Жыл таңдауы» ұлттық телевизиялық музыкалық жүлдесін табыстау салтанатын көріңіз!

30.12.2016
Ұлттық арнадан «Жыл таңдауы» ұлттық телевизиялық музыкалық жүлдесін табыстау салтанатын көріңіз!

Қараша айында Алматы қаласындағы «Алматы Арена» мұз сарайында «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның ұйымдастыруымен тұңғыш рет «Жыл таңдауы» ұлттық телевизиялық музыкалық жүлдесі табысталған болатын.

Жобаны Ұлттық арна бүгін сағат 20:45-те көрсетеді.  

«Жыл таңдауы» - бұл шоу-бизнес көшіне енді ілескен жаңа есімдердің, сахна саңлақтарының, хит-парад төрінен алыстамайтын жұлдыздардың бас қосып, көрерменге есеп берген кеші. Сонымен қатар, ғаламат шоуда жылдың үздік əні таңдалды.

Кеште  «Istersern» əнімен миллиондаған тыңдарманның жүрегін жаулаған түрік әншісі Бурай мен Қытай халқын мойындатқан қазақ баласы Арай өнер көрсетеді.

Шара ел Тәуелсіздігінің  25 жылдығына арналған.

Ұлттық арна қосулы болсын!

Хабарламаларға жазылу