Ертең «Бүгін жексенбі» бағдарламасында Маржан Арапбаева қонақта! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең «Бүгін жексенбі» бағдарламасында Маржан Арапбаева қонақта!

19.11.2016
Ертең «Бүгін жексенбі» бағдарламасында Маржан Арапбаева қонақта!

Ертең «Бүгін жексенбі» бағдарламасында әнші, «Жыл таңдауы» ұлттық телевизиялық музыкалық жүлдесінің иегері Маржан Арапбаева, Android и ios бағдарламаларының көмегімен «CoffeeFold» деген мобильді қосымша ойлап тапқан 15 жасар қазақстандық оқушы Бэла Темиева қонақта. Айта кету керек, Бэла жобасы арқылы БҰҰ мен ЮНИСЕФ-тің қолдауына ие болып отыр.

Соңғы кездері ерекше әндерімен танылған Қуандық Рахым және Гауһар Сардарбек те ертеңгі бағдарламада қонақта.  Қуандық Рахым Ұлттық арнадан көрсетіліп жатқан «МузАРТ LIVE» жобасына қатысуда. Студияда эстрадалық әндерінен бөлек, дәстүрлі ән орындайды.

 

Ал, ертеңгі эфирден:

  • Таксидермист - жануарлар мүсінін жасайтын адам;
  • Офтальмологтар дальтониктерге (түс ажырата алмайтындар) арналған жаңа бағдарлама ойлап тапты;
  • Қызметіңе, жасыңа сай парфюм таңдау, дұрыс қолдану;
  • Мысықтың артықшылықтары, мысыққа қатысты ырым-тыйымдар жөнінде біле аласыздар.

«Бүгін жексенбі» бағдарламасының мұрағаты

Хабарламаларға жазылу