Қанат Ислам жуырда өткен ганалық Патрик Аллотеймен жекпе-жегіне 5 ай дайындалған.
«Бокс – таза еңбек. Өмірің жаттығумен өтеді. Алғашында «Алматы Арена» сарайына 13 мың адамды толтыра аламыз ба?» деген қорқыныш болды. Бірақ, зал толды, жарыс әсерлі өтті. Әрбір істе мүдде бар. Біз мақсатымызға жеттік», дейді спортшы.