Эксклюзив «Түнгі студияда»: Баян Есентаеваның жаңа жобасының тұсауы кесіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Эксклюзив «Түнгі студияда»: Баян Есентаеваның жаңа жобасының тұсауы кесіледі

28.11.2015
Эксклюзив «Түнгі студияда»: Баян Есентаеваның жаңа жобасының тұсауы кесіледі

Қарашаның 30 жұлдызында алғаш рет, тек «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Түнгі студияда» Баян Есентаева өзінің жаңа ер балалардан құралған музыкалық тобымен таныстырмақ.

Халықтың сүйікті тележүргізушісі және продюсері Баян Есентаева осыдан біраз уақыт бұрын ерлер құрамынан тұратын музыкалық топтың продюсерлік етуін бастап келеді. Бірақ осы күнге дейін баршамызға жаңа топтың құрамы жайында ақпарат беймәлім болды.

Осы кеште Баян жаңа тобымен көрермендер алдында арнайы «Түнгі студия» бағдарламасы үшін өзінің ерекше стилімен таңқалдырмақ.

Баян Есентаева жаңа топтың шығармашылығымен жақын арада таныстыратынына уәде берді.

Ал, біз өз кезегімізде «Казақстан» Ұлттық телеарнасының көрермендеріне Баян Есентаеваның  Boysband құрамында кім болады екен деген сұраққа жауап алу үшін 30 қараша күні 23.00-де «Түнгі студияда» бағдарламасын өткізіп алмауға кеңес береміз!

Хабарламаларға жазылу