«Almaty towers» кешеніндегі өрттен қаза тапқандардың студенттер екені анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Almaty towers» кешеніндегі өрттен қаза тапқандардың студенттер екені анықталды

08.11.2016
«Almaty towers» кешеніндегі өрттен қаза тапқандардың студенттер екені анықталды

Алматы полициясы қаланың Бостандық ауданындағы бизнес-орталық ғимаратында орын алған өрт салдарынан қаза тапқандардың кім екені анықтады.

Бұл туралы қалалық Ішкі істер департаментінің баспасаөз қызметі хабарлады.  

Олардың мүрдесі оқиға орнын  жинау, тазалау кезінде табылған. Қаза тапқандар алматылық жоғары оқу орындарында білім алып жатқан 1994, 1995, 1996 жылы туған студент жастар болып шықты.

Факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Өндіріс кезеңінде қылмыстық іс бойынша басқа да мән-жайлар анықталды.

Хабарламаларға жазылу