Еліміздегі сауда ойын-сауық орталықтары төтенше жағдайларға дайын ба? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі сауда ойын-сауық орталықтары төтенше жағдайларға дайын ба?

01.04.2018

Кешегі Кемерово қасіреті біздің шенеуніктердің де шекесін терлетуі тиіс. Бәріміздің де балаларымыз бар. Жұрт жиі баратын еліміздегі сауда орталықтары төтенше жағдайларға дайын ба? Өрт қауіпсіздігі қаншалықты сақталған? Ресейдегі трагедиядан кейін осы тақылеттес сауалдар санамызды шын мәнінде шырмап алды. Астана мен Алматыдан бастап, барлық облыс орталықтарында жыл сайын түрлі ойын-сауық орындары ашылып жатыр. Астананың өзінде демалыс күндері қай орталық болсын, ығы-жығы адамға толы. Алаңсыз жүрген мыңдаған адамның қауіпсіздігіне кім кепіл бола алады? Ауқымы дәл Кемероводағыдай болмағанымен, осыған ұқсас қайғылы оқиғалар біздің елде де болды. Екі жыл бұрын Алматыдағы «Almaty Towers» бизнес орталығындағы өрт 6 адамның өмірін жалмаған еді. Онда да өрттен қашқан байғұстар құлыптаулы тұрған есіктен шыға алмай, тірідей өртеніп кеткен еді. Сонымен, елдегі сауда ойын-сауық орталықтары төтенше жағдайларға қаншалықты дайын?

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ 

Хабарламаларға жазылу