«МузАРТ Live».  Қуандық Рахым мен Сұлтан Ахмет жобада қалды  (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«МузАРТ Live».  Қуандық Рахым мен Сұлтан Ахмет жобада қалды  (ВИДЕО)

30.10.2016
«МузАРТ Live».  Қуандық Рахым мен Сұлтан Ахмет жобада қалды  (ВИДЕО)

Фарид Үмітқали, Қуандық Рахым, Ернар Жеңістіков және Сұлтан Ахмет  квартеті  «Каспий» тобының «Өмірім өзен» (С.Жолбарыс) әнін орындады.

Қазылар алқасы «Фарид Үмітқалидің өзіндік қоңыр дауысы бар. Бірнеше әншінің ішінен оның дауысын бірден аңғаруға болады. Дегенмен, топтан көре алмадық»,-деген баға берді.

Ал, Қуандық Рахымға Мейрамбек Бесбаев «Осы топты алға сүйреп тұрғандай көрдім», деді.

«Ернар Жеңістіков бұл жолы өзін көрсете алмады», деген Сәкен Майғазиев тетікті баспады.

Сұлтан Ахметке төрешілердің барлығы тетікті бірден басты.

«МузАРТ Live» мұрағаты

Хабарламаларға жазылу