«Kazakh TV» мен «Білім және Мәдениет» арналары бір «Kazakh TV» атауымен таралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

 «Kazakh TV» мен «Білім және Мәдениет» арналары бір «Kazakh TV» атауымен таралады

25.10.2016
 «Kazakh TV» мен «Білім және Мәдениет» арналары бір «Kazakh TV» атауымен таралады

«Kazakh TV» еліміздің мәдениеті, салт-дәстүрі, экономикасы және бірегей табиғаты туралы танымдық бағдарламаларға негізгі екпін қоятын болады. Бұл туралы бүгін Астанадағы «Қазмедиа» орталығында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев тілшілерге берген сұхбатында мәлім етті.

«Kazakh TV» әлемнің 100-ден астам елінде хабар таратып келеді. Бұл - бірегей мүмкіндік, яғни, мақсатты аудитория 300 миллион адамға жуық. Осы аудитория үшін Қазақстанның брендін, жалпы, еліміздің мәдениетін насихаттауда телеарна маңызды рөл атқарады»,-деді министр.

Телеарнаға қойылатын бірінші талаптың бірі - елімізді шетелдік аудиторияға кеңінен таныту. Министрдің сөзіне қарағанда, «Kazakh TV» арнасында қазақстандық жаңалықтар 15 пайызға дейін қысқартылады. Себебі, күнделікті жаңалықтар шетел аудиториясына қызықты болмағындықтан, көрермендер назарына барынша қызықты материалдар ұсынылады. Осы ретте шет мемлекеттерден туристер мен инвестиция тартуға мән беріледі.

«Еліміздің мәдениеті, салт-дәстүрі, экономикасы және бірегей табиғаты туралы танымдық бағдарламаларға негізгі екпін қойылады. Жаңа жобалар Қазақстанның туристік және инвестициялық тартымдылығын арттырады. Ол тек шетедіктерге ғана емес, сонымен қатар, еліміздің азаматтары үшін де қызықты болады»,-деді министр.

Айта кетейік, бүгін Дәурен Абаевтың қатысуымен жаңарған «Kazakh TV» арнасы ресми түрде іске қосылды.

«Kazakh TV» мен«Білім және Мәдениет» арналары бір «Kazakh TV» атауымен таралады. Арна Қазақстан тарихы, мәдениет, дәстүр, туралы бағдарламаларын көрсетілімін жалғастырады. HotBird 13B, Galaxy 19 және AsiaSat 5 спутниктік платформасының көмегімен қазақ және ағылшын тілдерінде эфирге шығады. Отандық көрермендерге қазақ, орыс тілдерінде спутниктік және кабелдік арналар арқылы қолжетімді болады.

Айта кетейік, «Kazakh TV» Хабар» Агенттігі» АҚ құрамында өзінің алғашқы көрсетілімін 2002 жылдың 25 қазаны күні бастады. Спутниктік арна көмегімен әлемнің 118 мемлекетіне тарайды. Олардың арасында Солтүстік және Орталық Америка, Батыс және Шығыс Еуропа, Австралия және Мұхит елдері, Солтүстік Африка, Таяу Шығыс, Азия және Оңтүстік Кавказ елдері бар. Арна форматы - ақпараттық-танымдық.

 

inform.kz

Хабарламаларға жазылу