Қазақстанда Күн энергиясынан қуат алатын панельдерді дайындайтын кластер ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда Күн энергиясынан қуат алатын панельдерді дайындайтын кластер ашылады

13.06.2018

Жоба Бейжіңде өткен Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінде бекітілді. Жаңа бастаманы «Kazakh Invest», француз және қытай компаниялары қолға алмақ. Жасыл энергияны сақтайтын панельдерге алғашқы тапсырыс Ресейден түседі деп жоспарланып отыр. Аталмыш Күн электр станциясының құрылысына 300 миллион доллар қаржы құю көзделген. 

Естеріңізге сала кетейік, Бейжіңде өткен кездесуде құны 13 миллиард доллар болатын 40  құжатқа қол қойылды. Оның 15-і «Kazakh Invest» компаниясының қолдауымен іске асырылды. Осы келісімдердің арқасында елімізде машина жасау, биотехнология салалары дамып, жаңа технологиялық өндірістер іске қосылады.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу