Бұдан былай елдегі құрылыс компаниялары мемлекеттің рұқсатынсыз үлескерлермен келісімшарттар бекіте алмайды. Бүгін «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» жаңа заң күшіне енді. Құжат мердігер компанияларға бірнеше талаптар жүктейді.
Негізгісі, компания құрылыстың 40 пайызын аяқтамай, үлескерлерден қаржы тарта алмайды. Сондай-ақ, мердігер «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорымен» міндетті түрде келісімшарт бекітуі тиіс.
Құрылыс компаниясына қойылатын талаптар мұнымен шектелмейді.
Жаңа заңға қатысты толығырақ Ұлттық экономика министрлігінің өкілі баяндайды. Толығырақ «KazNews»-тің 17:30-дағы жаңалықтарынан көріңіздер.