«KazNews»-тің 20:30-дағы жаңалықтары (Толық нұсқа) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«KazNews»-тің 20:30-дағы жаңалықтары (Толық нұсқа)

11.10.2016
«KazNews»-тің 20:30-дағы жаңалықтары (Толық нұсқа)

Бағдарлама  реті  10.10.16 

1. Елбасы бірқатар елшіден Сенім грамотасын қабылдады. «Ядролық қарусыздану мен қауіпсіздікке қосқан үлесі үшін» Қазақстанның халықаралық сыйлығы тағайындалды

2. Үкімет отырысында отандық мұнай сервисін дамыту мәселелері талқыланды

3. Мәжілісте Үкімет сағаты өтті

4. Ақтөбе өңіріне Елбасы тапсырмасымен арнайы барған жұмыс тобы Шалқар ауданының тұрғындарымен кездесіп, кәсіпкерлік туралы кеңес берді

5. Ақтөбеде террорға қарсы республикалық штабтың өкілдері тұрғындармен кездесті

6. 5-ші маусым күнгі Ақтөбе қаласындағы лаңкестік оқиғаны тергеу жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде, 215 сараптама жасалып, іс сотқа жолданды

7. Мәжілісте терроризмге қарсы күрес туралы заң жобасы талқыланды

8. Мәжіліс депутаттары Алматы облысында «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасының іске асу барысымен танысып, көшпелі отырыс өткізді

9. Жамбыл облысында қант қызылшасын жинау науқаны басталды. Биыл өңірде 6 мың гектарға жуық алқапқа  тәтті түбір өсірілген

10.  Атырауда шақпақ қант шығаратын цех іске қосылды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша ашылған жобаның құны - 53 миллион теңге

11. Қарағанды облысы. Шаруа қожалығы сиыр және жылқы өсірумен айналысады. Еттің біраз бөлігін Өзбекстанға экспорттап отыр. Балқаш қаласы мен аудан орталығына сүт пен ет өнімдерін көптеп шығарады

12. Ауыл шаруашылығы министрлігінде Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы талқыланған жиын өтті

13. Бұдан былай құрылыс компаниялары мемлекеттің рұқсатынсыз үлескерлермен келісімшарт бекіте алмайды. Бүгіннен бастап «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заң күшіне енді

14. Ақмола облысында медицина мамандары тапшы. Өңірде 150 дәрігердің лауазымы бос тұр

15. Тәуелсіздікпен құрдас оқу ордасы. Егемендігіміздің алғашқы жылында еңсе тіктеген Сарыағаш медицина колледжі осы уақыт аралығында денсаулық саласына қажетті 5 мыңға тарта маман оқытып шығарды

16. Қазақстандық ғалымдар тәжірибе алмасып, жаңа технологияны игеру үшін бельгиялық әріптесерімен кездесті

17. Д.Трамп пен Х.Клинтон арасында екінші теледебат өтті

18. Түркия тарихындағы ең ірі терактіге бүгін тура бір жыл. Былтыр Анкараның теміржол вокзалында екі террорист өз-өзін жарып, 107 адамды мерт қылған еді

19. Ұлттық банк қаржыларын банкте теңгемен сақтаған қазақстандықтарға өтемақы төлеп жатыр
20. Салық төлеушілерге талап күшеюде. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер ортақ салық базасын құрмақ
21. Бүгіннен бастап еуразиялық экономикалық одақ елдері Палестинадан 27 тауар түрін баж салығынсыз кіргізетін болды
22. Банктер төлеу мерзімі 90 күннен асып кеткен несиелермен күресті күшейтуде

23. Сыр өңірінде 2 бірдей бекіністің орны табылды

 


 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу