Басты Жаңалықтар Румынияда қазақ киносының күндері өтті

Румынияда қазақ киносының күндері өтті

Румынияда қазақ киносының күндері өтті

Бухарестегі дәстүрлі қазақ киносы күндері ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы құрметіне арналды.

Мерекелік шараны Қазақстан­ның Румыниядағы елшілігі  «Интернейшнл КМГ» компаниясының демеушілігімен ұйымдастырды. Қазақ киносы фестивалін өткі­зу­ге Ш.Айманов атындағы «Қа­зақ­фильм» киностудиясы мен Бухарестегі Француз мәдениет институты атсалысты.

Фестиваль аясында Ермек Шынарбаев, Рүстем Әбдірашев, Досхан Жолжақсынов, Ермек Тұрсынов, Сергей Снежкин сынды белгілі режис­сер­лердің әр жылдардағы таңдаулы 5 фильмі көрсетілді.

Қазақ киносы күндерінің ашылу салтанатында Қазақстанның Ру­мыниядағы елшісі Дәулет Баты­рашев бұл фестиваль екі ел арасындағы достық қарым-қатынас пен ынтымақтастықты да­мытуға айтарлықтай үлес қоса­ты­нын айта келіп, мәдени дәстүр­лердің мұнан кейін де жарасымды екпінде жалғаса беретініне сенім білдірді. 

«Шал» фильмінде басты рөлді сомдаған әртіс Ер­болат Тоғызақовқа Бухарест жұрт­шылығы сүйіспеншілікпен ыстық ілтипат танытты. Еске сала кетейік, қазақ киносының Румыниядағы алғашқы фестивалі былтыр Қазақ хандығының 550 жылдығы  құр­метіне орайластырылған болатын.

«Егемен Қазақстан»

Бөлісу