Таразда робототехника оқу-зертханалары ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда робототехника оқу-зертханалары ашылды

10.09.2016
Таразда робототехника оқу-зертханалары ашылды

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында робототехника оқу-зертханалары ашылды. «Робототехника», «Мектептегі робототехника» дәрісханалары 50 дана Lego, Tetrix және Аrduino роботтарымен, оқу-әдістемелік және бағдарламалық  нұсқаулықтармен  жабдықталған, деп хабарлайды ТарМПИ Ақпараттық-имидждік қызметі.

рьп

Институттың физика-математика факультетінде студенттер мен мектеп оқушыларының робототехника бойынша ғылыми-техникалық шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Информатика және есептеу техникасы», «Математика және математиканы оқыту әдістемесі» және «Физика және физиканы оқыту әдістемесі» кафедраларында «Электротехника», «Радиотехника», «Электроника негіздері» және «Мектептегі робототехника» оқу-зертханалары жұмыс істейді.

ъ\щх

Сонымен қатар, факультеттің Жамбыл облысындағы орта және арнайы мектептеріндегі информатика пәні мұғалімдерінің робототехника, электроника негіздері мен радиотехника пәндері бойынша біліктілігін көтеруге арналған материалдық және ресурстық базалары бар.

Marwin брендімен жеткізілетін робот жасауға арналған жиынтықтар арқылы студенттер теория мен тәжірибені ұштастыра алады. Сондай-ақ, заманауи құралды терең меңгере түседі.

Хабарламаларға жазылу