Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға келеді

02.09.2017
Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға келеді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.

Режеп Тайип Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевты Құрбан айт мерекесімен құттықтады, оған зор денсаулық пен табыс тілеп, Қазақстан халқының өсіп-өркендеуіне ниеттестік білдірді.

Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективаларына, сондай-ақ Түркия Республикасы Президентінің Астанаға биылғы 9 қыркүйектегі ресми сапарына қатысты мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар, екі ел көшбасшылары биылғы 10-11 қыркүйекте Астанада Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитін өткізу мәселелері туралы пікір алмасты.

Президенттер Қазақстан-Түркия қарым-қатынастарын кең ауқымды бағыттар бойынша одан әрі нығайту үшін сындарлы диалогты жалғастыруға уағдаласты.

Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды.

Хабарламаларға жазылу