Елбасы Режеп Ердоғанмен және Абу Дабидің тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

26.05.2020

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Бір-бірін Ораза айт мерекесімен құттықтап, бауырлас Қазақстан мен Түркия халықтарына бақ-береке тіледі. Коронавирус пандемиясы жайын талқылап, жаһандық дағдарысты еңсеру үшін күш-жігерді біріктіру жайын талқылады. Тұңғыш Президент Абу-Дабидің тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен де сөйлесті. Күллі ислам әлемі үшін Ораза айт мейрамымен бір-бірін құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Тараптар эпидемияға қарсы күреске бағытталған екі ел үкіметтерінің шараларын қолдады және пандемияны еңсеру үшін жаһандық деңгейде іс-шаралар қабылдаудың қажеттілігіне тоқталды.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ 


Хабарламаларға жазылу